2023 жылы Қазақстан жаңа ғарыштық аппаратты көкке ұшырады. Тура 6 жыл бұрын тиісті орбиталық нүктесіне жеткен отандық KazSat-2 жер серігінің жарамдылық мерзімі осы уақытта аяқталады. Құрастыру ісі 2019 жылы басталатын жерсеріктің құрылысы 60 миллиард теңгеге бағаланып отыр. Алайда, қазақстандық үлесті арттыру арқылы бұл соманы төмендетуге мүмкіндік бар, дейді мамандар. Ал KazSat-3-тің техникалық қызмет аясы  2029 жылы тәмамдалып, ол да жаңа үлгісіне алмастырылады. Бұл жерсеріктер байланыс және хабар тарату ұлттық ғарыштық жүйесін дамыту мақсатында ұшырылғанын айта кету керек.

БАУЫРЖАН ҚҰДАБАЕВ «РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒАРЫШТЫҚ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - 2005 жылға дейін Қазақстан елі байланыстың бәрін шетелдің ғарыш аппараттары арқылы алып отырды. 35-40 млн доллар көлемінде қаржы төлеп отырдық. Осы сома жылына кетіп отырды шетелге. Біздің мына ғарыш орталығын іске қосып, «ҚазСат-1», «ҚазСат-2» және «ҚазСат-3» ғарыш аппараттары ұшырылғаннан кейін бүгінде 29 миллиард импортозамещение өзіміздің елімізде қалып отыр.

Бұл – дәл қазір елімізді сапалы телекоммуникациялық байланыспен үздіксіз қамтып отырған жерсеріктерден келіп түсетін ақпараттарды қабылдап өңдейтін орталық. Олардың әр қозғалысы инженерлердің жіті назарында. Сондықтан басқару орталығында жұмыс әрдайым қауырт. Мамандар тәулік бойы келетін мәліметтерді саралап, зерттеп отырады. Бүгінгі таңға дейін тынымсыз жұмыс істеп тұрған  қос ғарыштық апараттың жағдайы қалыпты, дейді мұндағылар.

АСЫЛЖАН МУСИН, ЖЕТЕКШІ ИНЖЕНЕР:

 - Ұшуды басқару бөлімі ең біріншіден KazSat-2, KazSat-3 ұшуын басқарады. Екіншіден, екі кезек бойынша 8 мың екі ғарыштық аппараттың ақпаратын қабылдап, сосын мониторинг жүйесін жүргіземіз. Аса қатты қиыншылықтар, ақауларды KazSat-2, KazSat-3 ғарыштық аппараттары еш көрсеткен жоқ. 

Биыл адамзаттың ғарыштық дәуірінің басталғанына 60 жыл толды. Алғашқы жасанды жер серігі Байқоңыр айлағынан 1957 жылы 4  қазанда ұшырылды. Ал республикалық ғарыштық байланыс орталығы 2005 жылдан бері жұмыс істейді. Сала мамандары сол кезден егеменді елдің аспан әлеміндегі тәуелсіз жолы бастау алғанын айтады.   

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер