Еуразия Халықтары Ассамблеясы Қазақстан Халқы Ассамблеясының тәжірибесін насихаттамақ. Елімізде аталып өтіп келе жатқан 18 қазан Рухани келісім күнін бүкіл Еуразия аймағында мерекелеуді ұсынып отыр.  Еуразия халықтары ассамблеясы бас кеңесінің отырысында алдағы 4 жылда атқарылатын шаралар реті нақтыланды. Қоғамдық қауымдастық рухани бірлікті, ұлттық құндылықтарды, өзара мәдени байланысты   насихаттайды. Жиын «Рухани жаңғыру – гүлдену мен келісім жолы» деп аталатын ғылыми тәжірибелік конференциямен жалғасты. Басқосуға Австрия, Германия, Швейцария, АҚШ пен Ресейден 30-ға жуық делегат қатысты. Айта кетейік, Еуразия халықтары Ассамблеясы осы жылдың мамыр айында құрылған. 

ТӨЛЕГЕН МҰХАМЕДЖАНОВ, «БЕЙБІТШІЛІККЕ МӘДЕНИЕТ АРҚЫЛЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Жиын осы қараша айында Парижде өтеді. Бұл ұйымның 3 төрағасы бар. Біреуі Еуропада, біреуі Азияда, біреуі Ресейде. Ең бірінші қойылып отырған мәселе - бұл халықаралық қарым-қатынасты ұлғайту, оны дамыту. Содан кейін саяси шешілмей жатқан мәселелерді дипломатиялық тұрғыда ортаға салып, ерекше жолдармен шешім таппақшы. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер