Вашингтонда Дүниежүзілік банк пен халықаралық валюта қорының жыл сайынғы форумы өтті. Бұл жолғы жиынның басты тақырыбы – «Бір белдеу, бір жол» атты жаһандық бастама. Дүниежүзілік банк президенті Джим Йон Ким жобаны әйгілі Ұлы Жібек Жолын біріктіретін теңдессіз дүние деп атап өтті. Және оны толық қолдайтынын айтып, даму банктерімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюға дайын екендігін жеткізді. Жоғары деңгейдегі пікірталас Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форум сипатында өтті. Жиынның басты спикерлері қатарында Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Ерболат Досаев та бар. Ол өз сөзінде «Бір белдеу, бір жол» бастамасының Қазақстан үшін маңызды екенін атап өтті.

ЕРБОЛАТ ДОСАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - «Бір белдеу, бір жол» тұрақты экономикалық даму үшін маңызды бастамалардың бірі. Егер картаға қарасаңыз, Қазақстанның Ұлы Жібек жолында орналасқандығын көресіз. 2015 жылы Астанада Си Цзиньпин жаңа Жібек жолы мен экономикалық белдеу ретінде осы бастаманы ұсынған еді. Сол уақыттан бері Қазақстан бірнеше маңызды қадам жасады. Біздің елімізде инфрақұрылымды дамытудың жаңа бағдарламасы басталды. Транзит әлеуетін пайдалануға баса назар қойдық. Сондай-ақ «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» трансұлттық инфрақұрылымдық жобасының бір бөлігін аяқтауға жақын қалдық.

Сондай-ақ, халықаралық жиынға елімізден Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов, Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов, Ұлттық Банк төрағасы Данияр Ақышев пен «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов те қатысты. Олар шет мемлекеттермен екі жақты байланыс орнату үшін халықаралық экономикалық және қаржылық ұйымдармен кездесулер өткізді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер