АҚШ Конгресінің кітапханасы Қазақстан Президенті мұрағатына алғыс жариялады. Бұған архив қызметкерлерінің әлемдегі «кітап сарайына» еліміздің тарихы туралы материалдар жинағын ұсынғаны сеп болған. Жағымды жаңалық Алматыда өткен мұрағатшылар ғылыми-тәжірибелік конференциясы барысында жарияланды. Жиында АҚШ, Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан мен Қазақстанның белгілі сарапшылары мұрағат ісінің қазіргі жағдайы мен оның болашағы туралы ойларын да ортаға салды. Олар бүгінде бұл сала ақпараттық кеңістіктің бір бөлігіне айналуы тиіс дейді. Сондықтан, жаңа технологияларды енгізіп қана қоймай, барлық сандық ресурстарды әлемдік жүйеге біріктіру де маңызды.

БОРИС ЖАПАРОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ МҰРАҒАТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Соңғы жылдары Президент архиві шетелдік әріптестермен қарым-қатынастарды нығайтуда жаңағы Америка құрама штаттарының ұлттық архив әкімшілігімен жақсы карым-қатынастардамыз. Осындай халықаралық дәрежедегі кездесулер, ғылыми пікір алысу, шетелдегі озық технологияларды меңгеру – біздің ұлттық архив жүйесін дамытуға үлкен әсер ететіні сөзсіз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер