Ірі қалалардың басшылары Астанада бас қосады. Қазанның 19-20 күндері Тәуелсіздік сарайында Жылжымайтын мүлік мәселелері жөніндегі Орталықазиялық форум өтеді. Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, жиынға Алматы, Шымкент, Ашхабад, Тбилиси, Ташкент және шекара маңындағы Ресей қалаларының басшылары қатысады. Ауқымды шара барысында олар шаһарларды дамыту бойынша өз тұжырымдамаларын таныстырады. Сондай-ақ, форумға саланың үздік сарапшылары, құрылысшылар, сәулетшілер, мемлекеттік құрылымдардың, бизнес қоғамдастықтың өкілдері қатысады.

ӘЛІШЕР ӘБДІҚАДЫРОВ, АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

– Форум шеңберінде қатысушылар жылжымайтын мүлік нарығындағы ахуал, ЕХРО көрмесінің және Азиаданың инфрақұрылымдық мұрасын пайдалану, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бағытындағы тиімді жобалар және т.б. мәселелерді талқыға салады. Сондай-ақ, шара барысында түрлі тақырыптар бойынша сессиялар өткізіліп, мамандардың тәжірибе алмасуына жағдай жасалатын болады.

Форум 2013 жылдан бері өткізіледі. Осы уақыт ішінде ол коммерциялық жылжымайтын мүлік саласындағы Орталық Азиядағы ең ірі алаңға айналды. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер