Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің өзара сауда-саттығының көлемі биылғы жылдың алты айында 25,1 млрд долларды құрады. Ортақ нарыққа ең көп экспорт жасаған мемлекеттер тізімінде Ресей – бірінші, Беларусь –  екінші және Қазақстан үшінші орынға орналасты.

ЖҰМАБЕК САРАБЕКОВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ ҚОРЫ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ САЯСАТ ИНСТИТУТЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:

 - Еуразиялық экономикалық одақтың ішіндегі өзара тауар айналым 25 пайызға өскен. Экспорт та 236 пайызға өскен. Яғни, жалпы қарағанда ЕАЭО кіретін экономикалар Қазақстан, Ресей, Беларусь экономикасы, Қырғызстан, Армения экономикалары дағдарыстың жағдайына бейімделіп, жаңа бір өсу этапына өтіп отыр.

Сауда-саттықты одан әрі дамыту үшін су ресурстарының қауқарын кеңінен пайдалану қажет, осы мақсатта ТМД елдері кәсіпкерлерінің Каспий бойымен жүк тасымалдауына рұқсат алу мүмкіндіктері жеңілдетілмек.

АЙЖАН МҰҚЫШБАЕВА, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ ҚОРЫ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ САЯСАТ ИНСТИТУТЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:

 - Осы елдердің су көздеріне жүк тасымалдаушылардың рұқсат алуын жеңілдету болып табылады. Бұл жерде егер осы толығымен келісім-шартқа қол қойылатын болса, ол кезде жаңағы кәсіпкерлердің әкімшіліктік шығындары бірнеше рет азаятын болады.

Қазір қаржы жүйесін цифрландыру ісі әртарапты жүзеге асырылып жатыр. ТМД елдері де осы бағытты таңдаған. АҚШ, Ұлыбритания секілді дамыған мемлекеттермен қатар еуразиялық аймақта өзіндік цифрлық бағдарламасын әзірлейді.

АЙЖАН МҰҚЫШБАЕВА, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ ҚОРЫ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ САЯСАТ ИНСТИТУТЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:

 - Елдердің цифрлық дамуында жалпы стандарттарын, заңнамаларын біркелкі ету мәселесі қарастырылатын болады. Яғни, соңғы нәтиже биылғы жылдың желтоқсанына дейін жалпы елдер өздерінің цифрлық даму бойынша жоспарларының негізгі бағыттарын айқындап, соны Еуразиялық кеңесте ұсыну керек.

ТМД елдері экономикасын жаңа жаһандық талаптарға бейімдеу үшін Сочиде жиналған мемлекет басшылары біріншіден одақ ішіндегі сауда-саттық турасында туындаған кедергілерді жою мәселерін талқылады.

САНАТ КӨШКІМБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Әр елдің өзіндік даму жолы бар. Экономикалық тұрғыдан қарағанда, ТМД мемлекеттеріндегі өсім әртүрлі. Десе де бұл одақ барлық тараптарға бірдей пайдалы екені белгілі. Сондықтан қазір, ортақ экономиканы дамытудың жаңа тетіктері қарастырылып жатыр. Бизнеске кедергілерді жою, тасымал мәселелері алдыңғы шепте.

Еуразиялық экономикалық одақтың жиынтық жалпы ішкі өнімі өткен жылмен салыстырғанда биыл жарты жылда 1,8 есеге өскен. Яғни бұл, қатысушы елдердің экономикалық дамуының белгісі, сауда қарым-қатынастарының кеңейіп келе жатқанының нышаны. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер