«Қазақстанның киелі жерлері» жобасы аясында құрылған этномәдени экспедициясының сапары Солтүстік Қазақстан облысынан басталды. Ғалымдар, зерттеушілер мен қоғам қайраткерлері жергілікті өлкетанушы, археологтармен кездесіп, өңірдің киелі жерлері туралы сұрап білді. Жалпы, облыста 19 тарихи-мәдени орын бар. Оның ішіндегі Абылай хан резиденциясы, Қарасай мен Ағынтай батырларының мемориалдық кешені, Қожаберген жыраудың бейіті мен Ботай қонысы республикалық картаға енді. Топ мүшелері Қазақстанның киелі жерлерін аралап, кітаптар мен электронды карта жасап шығарады.

БАТЫРХАН ЖҰМАБАЕВ, «ҚАСИЕТТІ ҚАЗАҚСТАН» ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - "Қазақстанның киелі картасына" жалпы ұлттық деңгейдегі 10 нысан, бірақ 100 нақты емес, ол 160 – тан астам нысан бас – аяғы. Өйткені, топтастырдық. Яғни, 6 бағытқа бөлінді. Онда табиғи – ландшафттық бірінші, сонымен қатар екінші археологиялық сәулет өнері ескерткіштері, сосын діни – ғибадат орындары үшінші, сонымен қатар тарихи тұлғаға байланысты қасиетті орындар, немесе киелі орындар, сонымен қатар саяси Қазақстанға байланысты саяси орындар.

Ал Қостанайда тарихи, мәдени нысандарға QR-коды орналатыла бастады. Бұл жаңа жобаны әлеуметтік идеялар жәрмеңкесінде жеңіске жеткен жергілікті жастар жүзеге асырып жатыр. Алғашқы инновациялық тақта облыс орталығындағы Ахмет Байтұрсыновтың ескерткішіне қойылды. «Quick response» «жылдам жауап» дегенді білдіреді. Оны пайдалану үшін алдымен қалта телефонына арнайы ақпараттық қосымшаны жүктеу қажет. Тақтадағы штрихкодты телефон арқылы суретке түсірсеңіз болды, мәліметтер сайт арқылы үш тілде автоматты түрде жіберіледі. Бұл жаңалық өңірге келген саяхатшылар үшін таптырмас көмекші болғалы тұр.

АБЫЛАЙХАН КӘКЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ:

 - Бұл жоба әрине, осы іс-шарамен тоқтатылмай, жақын арада ішкі саясат басқармасының бастамасымен 30 киелі нысанда, арнайы интерактивті онлайн карта жасалалатын болады. Осы арқылы арнайы сайтта киелі орынның шығуы туралы, тарихы туралы ақпарат үш тілде орналастырылатын болады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер