Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске - 25 жыл. Оны құру идеясын 1992 жылы БҰҰ-ның 47-ші сессиясында Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған болатын. Қазіргі таңда кеңеске әлемнің  26 мемлекеті, 9 байқаушы мемлекет пен бірқатар халықаралық ұйымдар еніп отыр. Халықаралық форумның мерейтойына орай елордада көрме ашылды. Оған кеңестің қалыптасу тарихынан сыр шертетін құжаттар мен фотосуреттер, Елбасының сыртқы саяси бастамалары тақырыбына арналған  жинақтар қойылып отыр. Қазіргі уақытта аталған кеңес Азиядағы ұжымдық қауіпсіздік мәселелерін талқылайтын алып алаңға айналған.

ҚАЙРАТ ӘБДІРАХМАНОВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ:

- Алматыда кеңестің тұрақты хатшылығы құрылған болатын. Оның құрамында көптеген елдердің дипломаттары табысты қызмет етіп келеді. Былтырдан бері кеңес хатшылығы өз офисін Астанаға көшірді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер