Туризм Қазақстан экономикасының жетекші салаларының біріне айналуы мүмкін. Еліміз саяхатшылар үшін тарихымен, тұмса табиғатымен қызықты. Қазақстанда жазғы және қысқы туризм, экотуризм, этнотуризм сияқты бірнеше бағытты дамытуға мүмкіндік мол. Әр өңірдің өз ерекшелігі бар. Таяуда Астанада Маңғыстау облысының туристік әлеуеті таныстырылды. Саяхатшыларға теңіз, этнографиялық, мәдени-танымдық бағдарламалар ұсынылды. Бекет-ата, Шолпан-ата, Шақпақ-ата ескерткіштері осында орналасқан. Сондай-ақ, Үстірт, Қарақия ойысы, Шар алқабы, Шерқала бекінісі және Ұлы Жібек жолының бойында жатқан Қызылқала сияқты тарихи ескерткіштер туристер үшін тартымды.

ГҮЛЖАН БАЙЖАУЫНОВА, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

– Маңғыстау облысына туристік мақсатпен келушілер қатары артты. Өткен жылы өсім 10 пайыз болса, биылғы жылдың жарты жылында өңірге келген туристер саны 21%-ға артқан. Көптеген адамдар теңізді көру үшін келеді.

Маңғыстау облысында туризм саласын дамытуға былтыр 900 миллион теңге бөлінген. Бұл қаржы жаңа жобаларды қолға алған кәсіпкерлерді қолдауға бағытталады. Бағдарлама шеңберінде сауықтыру кешені мен қонақ үйдің құрылысы, ашық теңізге экскурсиялық саяхат ұйымдастыру сияқты жобалар мақұлданды. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер