Индустриялық аймақтар өндірістің дамуына сеп. Мысалы, Павлодар облысында үш бірдей индустриялық аймақ құрылады. Олардың біреуі облыс орталығында, қалған екеуі Ақсу мен Екібастұз қалаларында орналасқан. Екібастұз индустриялық аймағында қазір бірнеше кәсіпорын табысты жұмыс істеп жатыр. Онда раушан гүлдерін өсіретін жылыжай кешені, жылу оқшаулағыш материалдар мен қазандық жабдықтарын шығаратын зауыт орналасқан. Жуық арада қызанақ өсіретін жылыжай мен техникалық кремний шығаратын өндіріс іске қосылады. Павлодардағы индустриялық аймақ та инвесторларды қабылдауға дайын тұр. Онда металл бұйымдарын, арнайы техника мен ауыл шаруашылығы жабдықтарын шығаратын кәсіпорын салынбақ. Жобаның артықшылықтарымен поляк инвесторлары танысып, көкөніс өсіру және өңдеу кәсіпорындарын салуға ниет білдірген.

ДАНИЯР ШАЙМАРДАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК, САУДА ЖӘНЕ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 - Индустриялық аймаққа ауылшаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар орналастыру жөнінде Польша  инвесторларымен келіссөздер жүріп жатыр. Ақсу қаласында индустриялды аймақ үшін 50 гектар жер бөлінді. Қазіргі кезде екі байыту фабрикасын, «Минерал индастриз групп» кәсіпорнын орналастыру жоспарланып отыр. Аталған индустриялды аймақтар қажетті инфрақұрылыммен жабдықталған. Автокөлік жолдары бар. Жылу және су тартылған.

Ал Алматының индустриялық аймағында тағы бір заманауи зауыттың құрылысы аяқталып қалды. Өндіріске қажетті шикізаттың барлығы отандық өнім болмақ. Зауыттың бірінші кезегі жыл соңында іске қосылады. Қазақстан ғалымдарының кабель саласындағы өнертабысын кәсіпке айналдыру үшін 100 млн. доллар инвестиция салынған. 

ОЛЕГ ПРИХОДЬКО, ЖОБА ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Біздің комбинат – ертеңгі күнге арналған жоба. Яғни, сапасы жоғары, бағасы қолжетімді өнім дайындалады. Айта кетейік, зауыттың бірінші бөлімін жыл соңында іске қосамыз.

Кәсіпорынның өнім көлемі жылына 100 мың тоннадан аспақ. Оның отыз пайызы отандық сұранысты қамтамасыз етпек. Қалғаны шет асады, дейді жоба жетекшілері.

ЗАРИНА УМАРОВА, ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 - Отандық өнім ТМД және таяу шығыс елдеріне экспортталады. Сонымен қатар, Оңтүстік Америка мен Қытайдың жоғары технологиялы сауда алаңына қызығушылық танытудамыз.

Бірегей жобаны жүзеге асыру үшін қала билігі экономикалық аймақтан тегін жер телімін бөлген. Инвсторлар 2021 жылға дейін жобаны толық іске қосып, 700-ге жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтымақ. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер