Түркі әлемінің математикалық қоғамы Астанада бас қосты. ТМД елдері, Түркия, Сербия, Алжир  және АҚШ сынды елдерден келген ғалымдар саладағы өздерінің жетістіктерімен бөлісіп, ойларын ортаға салды. Шешімін таппаған математикалық есептер мен гипотезалар талқыланды. Түркі тілдес елдердің математиктері 3 жылда бір рет бас қосуды дәстүрге айналдырған. «Кезінде бұл ғылым елдерімізде қиын кезеңді өткерген болатын. Жас ғалымдар жоқтың қасы еді»,- дейді жиылғандар. Қазіргі таңда жастардың ғылымға деген қызығушылығы артуда. 

СТАНИСЛАВ ХАРИН, ҚР ҰҒА АКАДЕМИГІ:

 - Математик тек фундаменталды математиканы білумен шектелмеуі тиіс. Қолданбалы ғылымды дамыту маңызды. Кезінде бізде энциклопедист-ғалымдар болған. Олардың еңбектері аса маңызды. Қазіргі таңда сабақтас ғылымдарды зерттеп, түрлі ғылымдарды математикалық модельге біріктірудің қажеттілігі туындап отыр.

АЛТАЙ БОРУБАЕВ, TWMS ҚЫРҒЫЗСТАНДАҒЫ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Көптеген шешілмеген проблемалардың методикаларын, шешу жолдары талқыланады. Аспирантураға, докторантураға алу мәселелері шешіледі. Кейбір университеттердің оқу процесіндегі әріптестігі сөз болады. Бұл түркі тілдес елдер математиктерінің, жалпы әлем математиктерінің әріптестігін шыңдайды. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер