Сирия мәселесі БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінде кеңінен талқыланады. Қазан айында Кеңестің Сирия дағдарысына арналған тағы бірнеше кездесуі жоспарланған. 26 қазандағы отырысқа БҰҰ-ның Сирия  мәселесі жөніндегі арнайы өкілі Стаффан де Мистура қатысады. Бұған дейін Стаффан де Мистура «Астана процесі Женевадағы келіссөздерді қалпына келтірудің негізі» екенін атап өткен еді. Айтуынша, сегізінші раунд қазан айының соңына немесе қараша айының басына жоспарланып отыр.

Қыркүйектің ортасында Қазақстан елордасында өткен Астана процесінің нәтижелі өткенін әлем сарапшылары атап өтуде. Тараптар Женевадағы келіссөздерде Сирия дағдарысын саяси жолмен шешуге тырысса, Астанада шиеленісті тарқатудың әскери жолдарын тауып жүр. Ресей Федерациясы Кеңесі халықаралық істер комитетінің басшысы Константин Косачев Астана процесі тиімді келіссөздердің теңдессіз үлгісі ретінде халықаралық дипломатия тарихында қалатынына сенімді.

КОНСТАНТИН КОСАЧЕВ, РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯ КЕҢЕСІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІСТЕР КОМИТЕТІНІҢ БАСШЫСЫ:

 - Таяуда  Дейр-эз-Зор провинциясы азат етілгеннен кейін Сириядағы азаматтық соғыс аяқталуға таяп қалды деуге негіз бар. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарары негізінде саяси реформалар процесін бастауға кірісетін кезеңге келдік. Бұл ретте келіссөздер жүргізетін орын ретінде Астана халықаралық саясат пен дипломатия тарихында алтын әріппен жазылатын болады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер