Google Translate қазақша сөйлейді. Ғаламдық ғаламтор жүйесіне «қазақ тілінде ауызша аудару» қызметі қосылады. Яғни дауыспен басқарылатын технология ана тілімізде шыққан дыбысты танып, жедел өңдеп, әлемнің басқа тілдеріне тәржімалайды. Пайдаланушы аударманы қай тілде тыңдайтынын таңдаса жеткілікті. «Войс ту текст» технологиясына тіркелген тілдердің барлығы да ғылыми жаңалықтар мен озық технологиялардың барлығында қатар жүреді.

РАУАН КЕНЖЕХАНҰЛЫ, «ҰЛТТЫҚ АУДАРМА БЮРОСЫ» ҚҚ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

 - Қазақ тілінің 15 томдық үлкен түсіндірме сөздігі бар. Ондағы барлық сөздер мен сөз тіркестері қазақ тілінде дыбысталуы тиіс. Кейін дыбысталған файлдар сапалы өңделуі қажет. Кейін барып осы мәліметтер Google-ге жіберіледі. Google өңдеп, салып одан соң аударма нұсқаларын бере бастайды. Біз ол нұсқаларды бағалаймыз. Осыдан кейін жүйе жалпы іске қосылуы тиіс.

Рауан Кенжеханұлының айтуынша, қазақ тілінің цирфлық құрылғыларда кеңінен қолдануына жол ашатын жоба алдағы екі жылдың ішінде қолданысқа енгізіледі. Оған шамамен 150 мың сөз бен сөз тіркесі кіреді. Жоба құны – 4 млн теңге. Айта кетейік Google Translate жүйесіне қазақ тілі 2014 жылы қосылған. Алайда аударма мәтін күйінде жазбаша ғана жасалатын. Қазір ол 103 тілде жұмыс істейді. Бірақ дыбыстап аудару қызметі тек 32 тілде қолжетімді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер