Ауыл шаруашылығы министрлігі ЕХРО-2017 көрмесі барысында 66 аграрлық технологияны таңдады. Бұл жайлы Үкіметте өткен брифинг барысында мәлімделді. Көрмеде ұсынылған технологияларды зерттейтін министрліктің жұмыс тобы құрылған болатын. Олар Қазақстан аумағында енгізуге болатын инновацияларды анықтады. Негізінен, Беларусь, Ресей, Нидерланд, Финляндия сынды елдердің озық тәжірибелері таңдалынып отыр.  Ол технологиялардың өзін мамандар екіге бөлген.

АСҚАР НӘМЕТОВ, «ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

 - Бүгінгі таңда ала салып қолдануға мүмкіндігі бар. Екіншісі – болашақ технологиялар. Ресейден келген тыңайтқыштарды көктемде себуге дайындап қойдық. Бидайға, картопқа бәріне бөлеміз. Солтүстікте ме, әлде оңтүстікте ме соны қарап отырмыз. Себебі әсері әр түрлі болуы мүмкін.

Мұнымен қоса, ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыратын қазақстандық тың тәсілдер де зерттелуде. Отандық ғалымдар ауыл шаруашылығы саласында жел, күн, су энергиясын қолдануды ұсынып отыр.

БАУЫРЖАН ЗҰЛПЫХАР,  ӨНЕРТАПҚЫШ:

 - Біз өз тарапымыздан вакуумды суару құрылғысын ұсынған болатынбыз. Оның ерекшелігі – баламиалы энергия көзін пайдалану арқылы кіші өзендер каналдарындағы және арық жүйелеріндегі су ағысының кинетикалық энергиясын пайдалану арқылы су ағысы бар жерлерде орналасқан ауыл шаруашылығы, АӨК тұтынушыларын қамтамасыз етеді. 

Қазіргі таңда отандық ғылыми институттар мен аграрлық университеттер бұл технологияларды егжей-тегжейлі зерттеуде. Олардың климатымызға сай болуы мен экономикалық тиімділігі қарастырылуда. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер