Ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделі – әлемге үлгі. Астанада «Полиэтникалық мемлекет: ұлттық модельдер және даму стратегиялары» атты халықаралық форумның қатысушылары осылай дейді. Жиынға Қытай, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь ғалымдары келген. Олар  көпұлтты елдегі қазіргі ахуалды талқылап, мәдениетаралық диалогты сақтау және кеңейту бойынша өз пікірлерін ортаға салды. Осы ретте олар Қазақстанның өз тəуелсіздігінің алғашқы жылдарынан бастап-ақ көп ұлтты жəне түрлі дінді ұстанатын қоғамда бірлікті сақтауға негізделген өзіндік айрықша үлгі қалыптастырғанын және бұл тәжірибенің басқа мемлекеттер үшін аса қызықты болып отырғанын атап өтті.

ЮНГМИ ЧУ, Л.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕҰУ ДОКТОРАНТЫ:

 - Корея қазір көпмәдениетті жағдайға, қоғамға бара жатыр. Бұрын моноэтникалық қоғам болған, бірақ қазір жағдай өзгеріп жатыр. Содан басқа елдегі, көпмәдениетті, көпұлтты  жағдайды оқу керек деп ойладым. Соның бірі ретінде Қазақстанның Кореяға жақсы үлгі болады деп ойладым.

Сондай-ақ, форумда  күшейіп келе жатқан жаһандық қатерлерге тойтарыс беру, азаматтық біртектілікті қалыптастыру, бірлікті нығайту сияқты мәселелер көтерілді. Айта кетейік, шараны ұйымдастыруға Қазақстан Халқы Ассамблеясы ұйытқы болды.   

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер