Ақтөбеде «Туған жер» республикалық форумы өтіп жатыр. Арысы - Америкадан, берісі ТМД елдерінен 300-ден астам қонақ келді. Олар – әр салада белгілі бір жетістікке жеткен танымал ақтөбеліктер. Кәсіпкер-меценаттар, ақын-жазушылар, ғалымдар мен спортшылар туған жерде бас қосты.

ЕРБОЛ НҰРҒАЛИЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Үлкен сайт жасаған болатынбыз, «жерлестер» деген. Бұл сайтқа біз осы Ақтөбе өңірінен шыққан белгілі азаматтардың тізімін анықтап, осы сайтқа кіргізген болатынбыз. Форумның негізгі мақсаты - туған жерге деген ықылас пен патриоттық қалыптастыру, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмін және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жағдай жасау.

Туған жерге тағзым ету үшін келгендердің бірі – ресейлік жазушы Рауль Мир-Хайдаров.  Ол Ақтөбе облысы, Мәртөк ауылында туған. Жергілікті тарихи-өлкетану музейіне қаламгерге жеке зал бөлінген. Мұнда жазушының өмірі мен шығармашылығынан сыр шертер 300-ден астам жәдігер бар. Әкесі мұра қылып қалдырған құрал-сайман, анасының тұрмыста қолданған бұйымдары және жазушының кітаптары қойылған. Мәртөктен шыққан танымал жазушы бүгінде Мәскеу қаласында тұрады. Жыл сайын туған ауылына келуді дәстүрге айналдырған. Музей қорын толықтыруға да үлес қосады.

РАУЛЬ МИР-ХАЙДАРОВ, ЖАЗУШЫ:

 - Облыстық тарихи-өлкетану музейіне  50-ден астам сирек кездесетін картина сыйға тарттым. Алдымен сол картиналар қойылатын залға жөндеу жұмыстарын жасап, жиһаз сатып әпердім. Ол кезде меценаттар өте аз еді. Мен өзімнің қолымнан келген көмегімді көрсеттім.

Жазушы өзі оқыған мектепті де ұмытпайды. Әр сапарында әдейілеп соғып, оқушылармен кездеседі. Айтуынша, адам кіндік қаны тамған туған жерін естен шығармауы керек.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер