Астана процесі кең көлемдегі саяси келісімге айналуы керек. Ол үшін Астанадан кейін Женевада өтетін жиында нақты шешімдер жасалуы тиіс. Бұл жөнінде Еуропа Одағының сыртқы істер және қауіпсіздік жөніндегі мәртебелі өкілі Федерика Могерини БҰҰ Бас Ассамблеясындағы Сирия мәселесі бойынша жиын кезінде тілшілерге мәлімдеді. Оның айтуынша, Астана процесіндегі келісімдер тұрақты және нәтижелі болу үшін кең көлемдегі саяси тоқтаммен бекітілуі тиіс.

ФЕДЕРИКА МОГЕРИНИ, ЕУРОПА ОДАҒЫНЫҢ СЫРТҚЫ ІСТЕР ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ МӘРТЕБЕЛІ ӨКІЛІ:

 - Женева келіссөздерінде Астанада жасалған бітімгерлік келісімдер жалғасын тауып, нақты нүктесі қойылуы тиіс. Оның ішінде Сирияға гуманитарлық көмек көрсету, жағдайды тұрақтандыру және елді қалпына келтіруге қатысты мәселелер бар. Менің ойымша, Сирия мәселесін бір жиынмен шеше салу мүмкін емес. Сондықтан, әртүрлі деңгейді жиындар әлемдік қауымдастықты біріктіріп, жақсы нәтиже алуға көмектеседі деген үміттемін.

Елімізде өткен келіссөздерді мұқият бақылаған тағы бір сарапшы – Фритьев фон Норден-скельдт. Ол сириялық жанжалды шешудің маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанға осы жолда атқарып жатқан еңбегі үшін алғасын айтты.

ФРИТЬЁВ ФОН НОРДЕНСКЁЛЬДТ, ДИПЛОМАТ /ГЕРМАНИЯ/:

 - Сирия жанжалының салдары Еуроодақта да сезіліп отыр. Кәрі құрлыққа қаншама босқын ағылып жатыр. Біз Германияда отырып, Астана процесін жіті бақылаумен болдық. Шиеленісті күшпен шешу мүмкін емес. Керісінше, келіссөздер жүргізу керек. Осы ретте Қазақстан өз алаңын ұсынып, бұл күрделі әрі жауапты миссияны орындап келеді. Сіздердің елдеріңіз ешқандай жанжалға қатыспайды. Сондықтан көбісі Қазақстанға сенім білдіреді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер