«Орталық -Шығыс» көлік дәлізі «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасының стратегиялық басымды бағыттарының біріне жатады. Оның шамамен 450 шақырымы Павлодар облысын басып өтеді. Бұл – елорданы Шығыс  Қазақстан арқылы Қытаймен жалғайтын күре жол. Негізгі  құрылысы аяқталған. Мердігер компания қазір абаттандыру жұмыстарымен айналысып жатыр.

ТАҢАТ БЕКСҰЛТАНОВ, ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ:

 - Бүгінгі таңда 95 пайызға біздің жұмысымыз аяқталды. Бүкіл жұмыс осы жылдың 1 қарашасына дейін тапсырылады. Қазіргі кезде осы көлік айрығын жасап, кабельдер өткізіп жатырмыз.

Жыл  соңына дейін автобан құрылысының  жартысы  аяқталады. Үстіміздегі жылы жол құрылысын жалғастыруға 106 миллиард теңге қарастырылған.

АМАНГЕЛДІ БЕКОВ, ИДМ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Биылғы жылы осы 600 шақырымдай жол пайдалануға тапсырылатын болады. Енді мұны қалай айтамыз. Елбасы айтты ғой енді «Жол бар жерде тірлік бар» - деп». Жол болғаннан кейін ол жаңа жұмыс орындарын ашады. Келесі де ол енді жол пайдаланушыларға қызмет көрсету керек. Ол жаңағы жолдағы сервистер. Ол тамақтану, қонақ үйлер, техникалық көмек көрсету. Ең біріншіден ол аймақтарды бір-бірімен қосу. Астананы әр өңірмен, орталық шығыспен, солтүстікпен қосатын жолдар. 

Келер жылы еліміз бойынша жол салу жұмыстары 4 мың 400 шақырымды қамтиды. Жауапты сала мамандары 2019 жылға дейін 6 мың шақырым жолмен қатынау ақылы болатынын айтады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер