Қазақстан Президентінің Өзбекстан мен Түрікменстанға жасаған сапарлары Орта Азия елдерінің өзара ынтымақтастығын күшейтіп, жаңа деңгейге көтереді, дейді сарапшылар. Олардың пікірінше, жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың нәтижесінде аймақ мемлекеттерінің сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, қауіпсіздік салаларындағы қарым-қатынасы нығая түседі.

РУСЛАН ІЗІМОВ, ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ САЯСАТ ИНСТИТУТЫНЫҢ БАҒДАРЛАМА ЖЕТЕКШІСІ:

 - Бұл елдер арасындағы экономикалық, мәдени тұрғыдағы байланыс бұрыннан қалыптасқан. Әрине, ол ынтымақтастықтың кеңейе түсуіне өз септігін тигізумен қатар, Орталық Азия елдерінің аймақтық деңгейде жаңа серпінмен дамуына жол ашады. Яғни, аймақтық кооперация, бұрынғы қарым-қатынастың қайта жандануына септігін тигізбек. Сондай-ақ, осы кездесулердің нәтижесінде Орталық Азияда біріккен энергетикалық жүйенің қайта қалпына келтіруге болады дер едім.

Сонымен қатар, сарапшылар «Орталық Азия елдері сыртқы саясатта ашықтық бағытты ұстанғаны жөн. Өңір дамуы үшін өзара ықпалдастық аса қажет. Сонда ғана жаһандық үрдістерге қарсы тұрып, өз орнын қалыптастырады» деп пікір білдіреді.

ҚАЗБЕК МАЙГЕЛДИНОВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ-ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ АҒА ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

 - Түрікменстанның жабық саясатына келетін болсақ, ол ел Өзбекстан сияқты сыртқы саясатта көптектілік саясатын жүргізіп отырған жоқ. Дегенмен бұл тұста Қазақстан үшін маңызды нәрсе – көршілес мемлекеттермен байланысты арттыру. Біз үшін маңыздылық – Орталық Азия мемлекеттерінің қауіпсіздік тұрғысында ортақ шешімге келуі. Қауіпсіздік мәселелер тұсында өзара байланысты арттыру. Қазақстан үшін өңірдің тұрақтылығын сақтауда үлкен үлес болып табылады деп ойлаймын.

Орта Азия мемлекеттерімен экономикалық байланыстарды күшейтудің арқасында жаңа нарықтарды игеруге мүмкіндік туады. Мысалы, Түркменстан елі арқылы Қазақстан көгілдір отын мен қара алтынды ғана емес, басқа тауарларды да экспортқа шығара алады, дейді Білім және ғылым министрлігі ғылым комитетінің қызметкері Нұрлан Сейдін.

НҰРЛАН СЕЙДІН, ҚР БҒМ ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Тауарлардың транзиттік бағыты Түрікменстанның газын Қазақстан арқылы шет мемлекеттерге шығару. Астық өнімдері болсын, басқа да азық-түлік болсын, мұнай өнімдері болсын Түрікменстан арқылы, әрі қарай Иран арқылы жылпы араб елдеріне шығару мәселесі. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер