Қазақстан Нью-Йоркте үш маңызды шараға қатысып, белсенділік танытты. ШЫҰ, ҰҚШҰ және АӨСШК мүше елдердің сыртқы істер министрлері біріккен мәмілеге келіп, күн тәртібі бойынша әлемдегі өзекті мәселелерге тоқталды. Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі кеңеске биыл 25 жыл толып отыр. 26 мемлекет мүшелік еткен кеңеске 9 қадағалаушы және бірқатар халықаралық ұйым тіркелген. Кеңес ширек ғасырда мүшелер саны және географикалық қамтуы жағынан Азиядағы ең ауқымды форумға айналды. Еліміздің сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов ішкі қарым-қатынасты дамыту мен географиялық кеңейтуді көздеген Кеңестің болашаққа жоспарын ұсынды. Сондай-ақ, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының сыртқы саясат ведомство басшылары Қазақстанның алдағы жылы БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінде төрағалық етуінің басымдықтарымен танысты. Кездесу қорытындысы бойынша жаһандық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған үш бірдей бірлескен мәміле қабылданды. Ал, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Астанада өткен тарихи самиттен соң жаңа құраммен алғаш рет бас қосты. Тараптар Форум Хартиясының маңыздылығы ұзақ мерзімді ізгілікті қарым-қатынас, достық пен ынтымақтастық туралы келісімде екенін атап өтті.

РАШИД АЛИМОВ, ШЫҰ БАС ХАТШЫСЫ:

 - Бұл, сөзсіз, халықаралық маңызы бар шара. Әлемнің саяси орталығына айналған БҰҰ штаб-пәтері тек, жаһандағы қауіпсіздікті қадағалап қана қоймай, аймақтардағы тұрақтытылыққа кепілдік береді. ШЫҰ-ның аумағына әлемнің 25 пайызы кіреді. Арктикадан Үнді мұхитына дейін, шығыс Қытайдан Ресейдің батысына дейінгі аралықты қамтыған 44 пайыз жер шарының тұрғындары да Ынтымақтастық Ұйым аумағында өмір сүреді. Ал, бүгінгі бас қосуда Астанада қабылданған Астана декларациясын атап өттік. Тіпті кездесуде Астанадағы рух сезілді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер