Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының реформасы жөніндегі декларацияға қолдау білдірді. БҰҰ қызметінің жетілдірілуін қолдауды көздеген жоғары деңгейдегі іс-шараға Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов қатысты. Еске салсақ, Президент Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ-ның жұмысын жетілдіруді Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі жеті негізгі басымдықтарының бірі болып жариялаған болатын. Ұйымды реформалау туралы декларация Қазақстанның осы саладағы негізгі көзқарастарына сәйкес келеді. Декларация Бас хатшының рөлін күшейту, ұйымның бүкіл жүйесінің есеп беруін және ашықтығын арттыру және тағы да басқа бағыттарды қамтиды. Сонымен қатар, құжатта мүше мемлекеттер мен БҰҰ Хатшылығы арасындағы әріптестік қатынастар мен сенімді нығайту маңыздылығы атап көрсетілген.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер