Қазақстандық құрылыс компаниялары Жапонияның «кайдзен» тәжірибесін меңгеруде. Жапония Парламенті жоғары палатасының депутаттары Астанадағы осындай нысандардың біріндегі жұмыс барысымен танысты. Дамуды қолдау бағдарламасының аясында Жапония Үкіметі Қазақстанға бұл әдісті игеруде барынша қолдау жасап отыр. Айту керек, кайдзен әлем бойынша танымал әдістердің қатарында. Ол, ең алдымен, компаниядағы барлық үрдістерді үздіксіз жақсартуға арналған. Кайдзенді офисте жұмыс орындарын ұйымдастырудан бастап стратегиялық бизнес-мақсаттарды жоспарлауға дейін қолдануға болады.

 

ХАДЖИМЭ СУЗУКИ, ЖАПОНИЯНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘРІПТЕСТІК АГЕНТТІГІНІҢ САРАПШЫСЫ:

 - Біз жергілікті құрылыс компанияларымен бірге жүйені жетілдірудеміз. Кайдзен философиясының басты тұсы – команданың бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруы. Тағы бір айта кетерлік жайт, кайдзенде олқылықтар мен кемшіліктерді дер кезінде анықтап, жою қажет.  

 

ТАЛҒАТ ЕРҒАЛИЕВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:  

 - Бұл жүйемен біз 2008-2009 жылдарда таныстық. Жапондық әріптестеріміздің көмегімен оны Астанада, жалпы Қазақстанда енгізе бастадық. Біз үшін еңбек өнімділігін арттырып, баспананың өзіндік бағасын азайту маңызды. Сондай-ақ құрылыс сапасын арттырмақпыз.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер