Түрікменстанға жасаған сапарынан соң Мемлекет басшысы жұмыс бабымен Əулие ата жерінің орталығы - Тараз қаласына барды. Жамбыл облысында 87 ұлттың өкілі тұрады. Мұнда 25 этнобірлестік бар. Нұрсұлтан Назарбаев ұлттар татулығын ұрпағына ұлағат қылған ұлыстармен кездесті. Жиынға қатысқандар ел бірлігі, тыныштығы жөнінде сөз қозғады. Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшелері Президенттің ұсынған рухани жаңғыру туралы бағдарламасын толықтай қолдайтындарын айтты.

 

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Ассамблея народа Казахстана – уникальный институт «Қазақстан Халқы Ассамблеясы – ұлтаралық келісімнің бірегей институты. Қазақстандықтар деген бір халықпыз. Бірақ ішімізде қаншама мәдениет бар. Сол мәдени әралуандылығымызбен ерекшеміз. «Рухани жаңғыру» дегеніміз бос сөз емес. Қазір заман өзгеріп жатыр, бәріміз бейімделуіміз керек, әсіресе, жастар. Ақпараттық цифрлық әлем жаңа білімді талап етеді. Біз көштен қалмауға тиіспіз.

 

Осы кездесуден кейін Елбасы индустрияландыру бағдарламасының жобаларымен танысты. «КазУпакТрейд» серіктестігі құрылыс материалдарын шығарумен айналысады.

 

НҰРЛАН ӘЛЖАНҚҰЛОВ, СЕРІКТЕСТІКТІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:  

 - Жылына 150 мың   тонна гипс шығаруға мүмкіндігіміз бар. Зауытта 75  адам қамтылған.Жалпы жұмсалған қаражат 2,3 млрд теңге. Жалпы бұл зауытта соңғы үлгідегі Еуропалық қондырғылар қондырылып өте жақсы сапалы гипс шығаруға мүмкіндік бар.Ол гипс осы бүкіл қазақстанның ірі қалаларына және де жақын шетел Қырғызстан Өзбекстанға шығару мүмкіндігіміз бар.

 

Жамбыл облысында осы жылдың алғашқы тоқсанында өңірлік өнім көлемі 231млрд тенгені құрады. Өндірістік өнім көлемі 6 пайызға артқан.  Индустриялды бағдарламаның екінші бесжылдығында 34 жоба жүзеге асып, 6 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ. Тағы бір мемлекеттік бағдарламаның жемісі - мына бір жол өткелі. Құрлысы кеңес одағы кезінде басталып аяқталмай қалған көпір «Нұрлы жол» бағдарламасының арқасында қайта жаңғырды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбае­в сондай ақ Жамбыл облысының жұртшылығымен де жүздесті. Өңірдегі әлеуметтің әлеуеті əңгімеге арқау болды. Тараз халқы Президентке күллі әлем көз тігіп жоғары баға берген ЕХРО көрмесінің елімізде өткеніне ризашылықтарын білдірді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер