Өзара ынтымақтастық Орталық Азия елдерін жаңа белестерге шығарады. Жаңа аймақтық интеграциялық мүмкіндіктерге жол ашады. Экономикалық тұрғыдан дамуға тың серпін береді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өзбекстан мен Түрікменстанға жасаған іс-сапары барысында талқыланған мәселелерге сарапшылар осындай пікір білдіріп отыр.

 

САНАТ КӨШКІМБАЕВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Қазақ елі бейбіт ел ретінде әлемдік қоғамдастықты нығайтуға зор үлес қосып отыр.  Осының негізінде қазір  көршілес елдер арасында да өзара тиімді әрі жемісті байланыстар қарқынды дамып келеді. Еліміздің тұрақты саясаты Орта Азия елдері басшыларының жоғары бағасына ие. Бұл Елбасының ерен еңбегінің жемесі.

 

ЖАҚСЫЛЫҚ СӘБИТОВ, ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ САЯСАТ ИНСТИТУТЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:

 - Мемлекет басшысының Түрікменстанға бұл жолғы іс-сапары жайлы айтар болса, екі президент те бір-бірін өте жақсы таниды. Біледі. Сондықтан, бұл кездесу қос тарапқа да тиімді болады деген сенімдеміз. Ал, Өзбекстанға тоқталсам, өзге сарапшылар айтып жатқандай бұл тарихи сапар болды. Орталық Азияда  Қазақстан мен Өзбекстан бақталас болмауы керек. Одан ешкім ештеңе ұтпайды. Қайта ынтымақтастықты арттырғаны жөн.  Ал, өзара бірлік экономиканы жақсартады. Экономикалық мәселелер қашан да геосаяси мүддеден басым тұруы шарт.

 

Ресми Ташкентпен бұрын-соңды болмаған келісімдерге қол жетті. Мәселен, соңғы бір жылда сауда айналымы 1,5 млрд АҚШ долларын құраған, енді осы көрсеткішті 5 млрд долларға жеткізу жоспарланып отыр. Ол үшін аймақтар бір-бірімен байланысын арттырып, адамдар емін-еркін қатынай алатын жағдай жасалуы керек, дейді Камал Бұрханов. Су қатынастары жөніндегі жол картасының қабылданғаны да аса маңызды.

 

ҚАМАЛ БҰРХАНОВ, САЯСИ, ӘЛЕМЕТТІК ЖӘНЕ ТАРИХИ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Сырдария Қырғызстаннан басталса, Өзбекстанға кіреді. Өзбекстаннан шығады да Тәжікстанға барады. Тәжікстаннан шығып, Өзбекстанға барады, содан кейін бізге келеді. Сондықтан ол проблема. Су бір, өзен бір. Біреуге аз керек. біреуге көп керек. Осы төңіректе бұл жерде үлкен шешім қабылданды. Су мәселесін ортақ болып шешейік. Транзитті ортақ болып шешейік. Адам қарым-қатынасын ортақ болып шешейік деген. Халыққа да, мемлекетке де, экономикамыздың дамуына да бұл сапардың әсері үлкен деп ойлаймын.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер