Қазақстан әлемнің 62 мемлекетімен бергі «World Food Moscow» мамандандырылған көрмесіне қатысуда. Ел павильонын «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы таныстырды. Біздің өнімдер ресейлік тұтынушыларға жақсы таныс. Өткен жылмен салыстырғанда биыл Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 34 пайызға өскен.

 

АЙНҰР ТІЛЕУБЕКОВА, «KАZAKH INVEST» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ:

 - Қазақстаннан Ресейге экспорт көлемі 37 пайызға артып, 2 миллиард АҚШ долларына жетті. Бұл Ресей нарығында қазақстандық өнімнің сұранысқа ие екенін білдіреді.

 

Көрме барысында компаниялар бір-бірімен ынтымақтастық орнатты. Сондай-ақ нарыққа жаңадан шыққан кәсіпкерлер атауының іргелі кәсіпорындармен бір қатарда тұруына күш салды.

 

ЕВГЕНИЙ КОРОЛЬ, «АРАЛТҰЗ» АҚ ӨКІЛІ:

 - Қазақстан нарығы шамамен 90-100 мың тонна, ал, Ресей нарығы 1 миллион 200 тонна. Соңғы үш жылда біз Ресей нарығының 13 пайызын иемдендік. Ал, көрме арқылы сауда көкжиегін кеңейтіп, Қытай мен шығыс Еуропа елдеріне шығуды көздейміз.

 

ӘСЕЛ ҚҰСПАНОВА, «ЛЕПСИНСК ӨНІМІ» ӨКІЛІ:

 - Бал индустриясында дәл біздікіндей қаптамаға салынғаны жоқ. Сол үшін шетелдіктер осы ерекшелігімізді жоғары бағалайды. Біз жас кәсіпорынбыз. «Қазинвест» компаниясы мен мемлекеттен қолдау алып, әлемдегі түрлі көрмелерге қатысып жатырмыз. Соның нәтижесінде Қытай, Жапония, Корея кәсіпкерлерімен келіссөздер жүргізіп жатырмыз.

 

Ал, жергілікті сауда үйлерінің қазақстан өнімдеріне қызығушылығы жоғары. Айтуларынша, біздің өнімнің сапасы жақсы, ал, бағасы қолжетімді.

 

НАТАЛЬЯ КРАСНОВА, САУДА ЖЕЛІСІНІҢ ӨКІЛІ:

 - Қазақстан өнімдерін бағасы мен сапасы сәйкес. Жалпы, біз өнімді алардан бұрын өзіміз дәмін татып, сапасын тексереміз. Сондықтан, алушылардың да көңілінен шығады.

 

Бұл көрме қазақстандық компанияларға Ресейдің әр өңірінде орналасқан сауда желілерімен келісімшарт жасауға зор мүмкіндік ашып отыр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер