Брюссельде Еуропа Одағының Орталық Азияға қатысты жаңа стратегиясы талқыланды. Халықаралық конференцияға қазақстандық делегация да қатысты. Отандық мамандар құжатта логистика, бизнес және энергия тиімдігі салаларын дамытуға көңіл бөлуді ұсынды. Бұған қоса, «Бір белдеу, бір жол» бастамасын жүзеге асырудың маңыздылығы да сөз болды. Конференцияда көтерілген тағы бір өзекті мәселе – кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялауды тездету. Өйткені, бұл құжатты бүгінге дейін тек Қазақстан және Еуропа Одағына мүше 16 ел ғана мақұлдады.

 

РОМАН ВАСИЛЕНКО, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Құжаттың тек белгілі бір бөлімдері ғана қолданыста бар. Бұл, әсіресе, сауда-саттыққа қатысты тетіктер. Ал, Еуропа Одағымен бірге терроризмге қарсы күрес, ғарыштағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтерді жетілдіру сияқты аса маңызды бөлімдері іске аспай тұр. Сондықтан, барлық тараптың ауызбіршілігі керек. Қазір осы бағытта жұмыстанып жатырмыз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер