Италия, Франция, Германия сынды елдерден Дешті-Қыпшақ тарихына байланысты құпия сақталған карталар табылды. Енді олардың бәрін отандық ғалымдар зерттейтін болады. Мұндай тың деректер мамыр айында басталып 67 күнге созылған «Бабалар ізімен» экспедициясы барысында анықталған болатын. Оған қатысушылар 20 мың шақырым жолды жүріп өтті. Мақсат – кезінде ата-бабаларымыз қоныстаған жерлерді зерттеп, зерделеу.

 

САПАР ЫСҚАҚОВ, ЭКСПЕДИЦИЯ ЖЕТЕКШІСІ:

 - Біз көп тарихқа байланысты карталар таптық. Венеция қаласында, Римде, Ватиканда карталардың көбі бұрынғы уақытта құпия карталар болған. Біз барып оларға VI ғасырда болған қобыздың көшірмесін сыйлыққа беріп, олардан рұқсат алып, олар бізге құпия карталарды түсіруге рұқсат берді.

 

Дешті-Қыпшақтың бай тарихи-мәдени мұрасын зерделеу қажеттілігі мен олардың әлем тарихындағы рөлін анықтау мәселесі халықаралық конференция барысында талқыланды. Жергілікті ғалымдармен бірге бұл іске Ресей, Грузия,  Польша, Әзірбайжан, Литва сынды көптеген елдердің ғалымдары да атсалыспақ. 

 

ОРДЕНБЕК МАЗБАЕВ,  «ТУРИЗМ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ» ҒЗИ ДИРЕКТОРЫ:

 - Менің көзімнің жеткені – сол замандағы Дешті-Қыпшақ жері Алтайдан Дунайға дейінгі аралықты алып жатқан қазіргі қазақ руларының көпшілігінен құралған бір этнос болып саналатын. Бұл конференцияның басты мақсаты – біз болған жерлердегі артефактілер, архив материалдарын 1-2 күнде үлгермедік. Сол мәліметтерді алып келдік. Оларды қазақстандық ғалымдар, қазіргі магистранттар терең зерттеуі қажет.

 

«Бабалар ізімен» атты ғылыми экспедиция қорытындысы отандық телеарналарда 30-40 сериялық деректі фильм ретінде көрсетіле бастамақ. Қыпшақтардың орта ғасырлық тарихын зерттеумен айналысатын «Дешті-Қыпшақ» ғылыми орталығы да өз  жұмысын бастады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер