Латын әліпбиіне көшу бастамасы және жаңа қазақ алфавитінің бірыңғай стандарты «Қазақстан 2050» демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының отырысында талқыланды. Басқосуға жетекші саяси партия басшылары, Парламент депутаттары, тіл мамандары қатысты.

 

МҰХТАР ҚҰЛ-МҰХАММЕД, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Бұл жаңадан айтылып жүрген дүние емес. Қазақстанның 2050 стратегиялық құжатында Елбасы бірінші рет осы мәселені бүкіл халықтың назарына ұсынған болатын.

 

ГҮЛТАС САЙЫНҚЫЗЫ, НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ  ПРОФЕССОРЫ:

 - Бұл латын әліпбиіне көшу кеше, өткен уақытта ол ерте болды. Ертең кеш болады. Сондықтан Елбасы дәл осы мәселені дәл уақытысында көтеріп отыр деп ойлаймын.

 

ЖАМБЫЛ АХМЕТБЕКОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

 - Соңғы ұсынған нұсқаны біз қолдаймыз. Өйткені 25 әріптен тұрады екен. Өзімнің түсінігім, көзқарасым қарап отырсам, жеңіл оқылады екен. Қай тілде болсын.

 

Отырысқа қатысқан коалиция мүшелері латын қарпіне көшу арқылы рухани байлығымыз цифрлық технология тілінде одан әрі өркен жаятынын атап өтті. Жаңа реформаны қолдаған олар барша азаматтарды талқылау, түсіндіру және қазақ əліпбиінің қабылдануына үлес қосуға шақырып  Қазақстан халқына үндеу жариялады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер