Шетелде жинақталған заманауи әуе көліктерін қазақстандық кәсіпорын толықтай техникалық тексерістен өткізіп, жөндеп бере алады. Сапалы әрі қолжетімді қызмет түріне жүгінген мемлекеттердің бірі – Моңғолия. «Еурокоптер Қазақстан Инжиниринг» зауытының техникалық қызмет көрсету орталығында тұрған бұл тікұшақ Ұланбатырдан ұшып келген. Оны толық жөндеуге бір айдан астам уақыт қажет.  

 

МАДИЯР ҚАРАЖАНОВ, АВИАЦИЯЛЫҚ ОҚУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 - Сүзгісін ауыстырамыз, тағы да басқа жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. 

 

Алдағы уақытта шетелдік ЕС-145 тікұшақтарын жаңғырту бойынша Ресей, Түрікменстан, Армения елдерінен тағы 20-дан астам тапсырыс түсуі мүмкін. Осылайша, былтыр зауытта 6 әуе техникасы жөнделсе, биыл тағы 20 тікұшақ жөндеуден өтеді. 

 

АНДРЕЙ ПАВЛОВ, ЗАУЫТТЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ САРАПШЫСЫ:

 - Біз техникалық қызмет көрсету барысында тікұшақтардың әуеге еш кедергісіз көтерілуін және қосалқы бөлшектерінің бүтіндігін тексереміз. Тапсырысты қабылдамау жағдайлары өте сирек кездеседі. Көбіне техниканың қолданыс мерзімін ұшқан сағатына қарап есептейміз.

 

2011 жылы негізі қаланған «Еурокоптер Қазақстан инжиниринг» кәсіпорнында 30-ға жуық маман қызмет етеді. Зауытта техникалық қызмет көрсету орталығымен қатар, ұшқыштарды оқыту кешені де жұмыс істейді. Жыл басынан бері 15 маман кәсіби біліктілігін арттырды. Қазақстан, Франция және Германия бірлесіп ашқан бұл зауыттың Орталық Азияда баламасы жоқ. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер