Қазақстан мен Франция арасындағы тауар айналымының көлемі артуда. Ағымдағы жылдың 6 айында көрсеткіш 1,7 млрд долларға жеткен. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 45,9 пайызға артық. Қазақстан-Франция байланысы екі елдің экономикалық әріптестік жөніндегі үкіметаралық комиссиясының отырысында сөз болды. Қазіргі таңда Франция еліміздің негізгі сауда серіктестерінің бестігіне еніп отыр. Соңғы 12 жылда Қазақстан экономикасына бағытталған француз инвестицияларының көлемі 13,6 млрд долларды құраған. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тағы бірқатар келісімдерге қол қойды. Бірлескен жобалар түрлі салаларды қамтымақ.

 

ЖЕҢІС ҚАСЫМБЕК, ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРІ:

 - Француз компаниясы бүгін Қазақстанда жұмыс істейді.  Оның ішінде мұнай саласындағы  «Total» компаниясы, электровоз жасайтын «Ariston» компаниясы бар. Оны да  біз экспортқа жіберейін деп жатырмыз. Одан да басқа ауыл шаруашылығында «Danone» компаниясы жұмыс істеп жатыр.

 

ЖАН-БАТИСТ ЛЕМУАН, ФРАНЦИЯНЫҢ СІ ЖӘНЕ ЕУРОПА МИНИСТРІ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫ:

 - Қазақстанда бұрыннан қызмет атқарып келетін франциялық компаниялардың жұмысы еш бәсеңдемегенін көріп отырмыз. Алдағы уақытта екіжақты экономикалық ынтымақтастықты нығайтпақ ойдамыз. Өйткені бұл елдегі инвестициялық климатты кәсіпкерлер үшін қолайлы деп айта аламын.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер