Қазақстан кезең-кезеңмен латын әліпбиіне көшеді. Парламенттің тыңдауда таныстырылған жаңа қазақ әліпбиінің жобасында 25 әріп бар. Мамандар ең алдымен, қазақ тілінің дыбыстық жүйесін ескеріпті. Бұл жаңашылдыққа қоғам, әсіресе жас буын дайын, дейді халық қалаулылары. Олардың айтуынша, қазақстандықтардың басым бөлігі бүгінде латынша жаза біледі. Бұл жағдай кезең-кезеңмен көшу процесін жеңілдетумен қатар, жеделдетпек, - дейді депутаттар. 

 

НҰРЛАН ДУЛАТБЕКОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

 - Мені толғантатын мәселе, мысалы «Ескіден келе жатқан қазақ әдебиетінің жазушыларынан айырылып қалмаймыз ба?» деген сұрақ болып еді. Бірақ оны жаңа айтып отыр. Абай жолын жарты секундта латын қарпіне өзгертіп береміз деді. Енді одан артық не керек. Яғни заманның талабы дүние жүзінің 80 проценті осы латын қарпін таңдаған. Сондықтан біз өркениеттен әрқашанда қол үзбей, сол жұмысты игілікті істі тезірек жүзеге асыруымыз керек.      

 

АЙҚЫН ҚОҢЫРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

 - Ешкімге құпия емес, бүгін көп қазақстандықтар латын әріптерін біледі. Содан кейін менің ойымша, латын әліпбиіне көшуге бізге қиын болмайды.

Қазақ тілін латын әліпбиіне көшуді Қазақстан жастары қолдайды. Астанада бас қосқан жастар ортақ үндеу жариялады. Олар өз мәлімдемесінде латын қарпін енгізу бұл  әлемдік үрдіске сай туындаған қажеттілік екенін, оның үстіне, инновациялық жаңашылдықтар қазір толықтай латын қарпінде жарық көретінін атап көрсеткен.

 

АЙДЫН СӘБИТОВ, «ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНЫҢ КОНГРЕСІ» ЗТБ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

 - Латын графикасына ауысу бойынша біраз ұсыныс білдірген едік. Бұл жердегі мақсат яғни, кез келген ақпаратты түп нұсқасында алатын боламыз. Білім алғанда жеңілдік туындайды. Елбасы айта кеткендей, жалпы орыс тілінен бас тарта алмайды. Мақсат – тілімізді инновациялық прогматикалық түрде келтіру. Жастар болып, үндеуімізді дайындадық.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер