Алдағы жылдары энергетика саласына тартылатын инвестицияның 97 пайызы жеке секторға тиесілі болады. Бұл туралы Энергетика министрі Қанат Бозымбаев KAZENERGY форумында мәлімдеді. Ведомство басшысы мұнай-газ саласында жер қойнауын пайдалануға қатысты келісімшарттардың оңтайландырылатынын алға тартты. Әсіресе, оларды бекіту мерзімін қысқартып, көптеген әкімшілік кедергіні жою көзделіп отыр.

 

ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:

 - 2017-2025 жылдары отын-энергетика секторындағы инвестициялардың жалпы көлемі 19 тлрн теңгеге жетуі тиіс. Оның 97 пайызы жеке инвестициялар есебінен қамтамасыз етіледі. Жалпы Қазақстан стратегиясы тек дәстүрлі энергетиканың жоғары көрсеткіштеріне ғана емес, сонымен қатар кезең-кезеңмен баламалы әрі жаңаратын энергия көздерін дамытуға да бағытталған.

 

EXPO базасында «жасыл» технологиялардың халықаралық орталығы құрылмақ. Ол Ресей, Қытай, АҚШ, Үндістан және Латын Америкасы елдерімен бірлесіп жұмыс жасайды. Бұл бастама қолданыстағы баламалы энергия үлесін 2050 жылға дейін 50 пайызға арттыруға сеп болмақ. Қазақстанда атом электр станцияларын ашу мәселесі де қаралуда.

 

ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:

 - Қазақстанымызда қазірдің өзінде атом стансалары жоқ қой. Жалпы, бізде 1 пайыздай баламалы энергетика көздерінен пайда болып отыр. 2020 жылы 3 пайыз болу керек. 2030 жылы – 10, 2050 жылы – тең жартысы Қазақстанда шығарылатын осы жасыл энергетика көздерінен болу керек.

 

Қанат Бозымбаев «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясы осы жылдың соңына дейін атом электр станциясының техникалық-экономикалық негіздемесін құруды қолға алатындығын айтты. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер