Жаңа қазақ әліпбиінде 25 әріп болмақ. Парламенттік тыңдауда латын әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселесі талқыланды. Жаңа әліпби жобасын жасау барысында, ең алдымен, қазақ тілінің дыбыстық жүйесі ескерілген. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешов осылай деп отыр.

 

ЕРБОЛ ТІЛЕШОВ, ШАЯХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҮЙЛЕСТІРУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Жаңа қазақ әліпбиін жасауда бір әріп-бір дыбыс, бір әріп-екі дыбыс және бір дыбыс диграф жүйесі принципі қолданылды. Латын графикасына негізделген 25 таңбалы әліпбиге қосымша қазақ тілінің дыбыстық жүйесін толығымен қамту үшін сегіз дыбысты таңбалайтын 8 диграфты ұсындық.

 

Құрастырушылардың айтуынша, елімізге келетін смартфондар мен гаджеттерде тек 26 латын әрпі қолданылады.  «Егер біз жаңа әліпбиге қосымша таңбаларды қосатын болсақ, қазақ тілінің кейбір дыбыстарын жоғалтып алуымыз мүмкін,-дейді олар. Өйткені телефон қолданушылары пернетақтадан тән дыбыстарды іздеп әуре болмай, оларды ұқсас әріптермен алмастыруға дағдыланады.

 

НҰРЛАН НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - Жаңа әліпбиге көшу – өте маңызды мәселе. Біздің ұлттық сана-сезім,рухани даму, өркендеу жолымыз осының барлығы қазақ тілінің жаңа әліпбиін жасаудан басталады. Жаңа әліпби бүкіл әлем қазақтарын біріктіретін өте маңызды фактор. Елбасы айтқандай, балаларымыздың болашағы үшін осында йшешім қабылдауға тиіспіз.

 

Әлем қазақтары қазіргі таңда қолданып жүрген кирилл, латын, төте жазуларды бір-біріне қатесіз көшіретін арнайы мобильдік қосымша да әзірленіп отыр. Мамандар конвертерді 10 жылдан бері зерттеген. Бұл жүйе әліпбидің жаңа бірыңғай стандартының халық арасында тез қолданысқа енуіне жол ашпақ. Қосымша арқылы  «Абай жолы» романын кез келген әліпбиге бар болғаны 3 секунд ішінде аударуға болатын көрінеді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер