Латын әліпбиіне көшу – Қазақстан үшін тарихи әрі қалыпты қадам. Францияның әдебиеттанушысы, Қазақстанның бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының лауреаты Альберт Фишлер осылай дейді. Абай Құнанбаев пен Мұстафа Шоқайдың еңбектерінен хабардар ғалым латын қарпі саты-сатымен енгізілсе, Қазақстан күллі әлемге ашыла түседі деп есептейді. Қытайда латын қарпі иероглифтермен қатар қолданылады. Бұл осы алпауыт елдің жаһандану заманына икемделіп жатқанының көрінісі, дейді ғалым.

 

АЛЬБЕРТ ФИШЛЕР, ПРОФЕССОР:

 - Қазақстан латын әліпбиіне алғаш рет көшіп отырған жоқ. 1928-1938 жылдар аралығында қазақ халқы тек латынша жазып келді. Бүгінде елдің әлемдегі маңызды ролін ескермеске болмайды. Өйткені Қазақстан Республикасы тұңғыш рет Орталық Азия елдері арасында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесіне айналды. Ал өңіраралық дауларды тек бітімгершілік арқылы шешуді ұсынып келген бұл ел Сирия дағдарысы бойынша қақтығысушы тараптардың басын қосып, ымыраға келу дөңгелек үстелін өткізді. Астанадағы Экспо көрмесі де әлем назарын өзіне аударды. Сондықтан елдің латын қарпіне ауысуы қалыпты жағдай. Алда кедергі туындамас үшін, заманауи технологиялар арқылы жаңа әліпбиге көшуге болады.

Бельгияда тұратын қандасымыз, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Ырысалды Төкеева «латын әліпбиіне көшу – еліміздің рухани дүниесін,, барша әлемге таныстырудың төте жолы» дейді.  Өзі қазақ әліпбиінің бірнеше түрін меңгерген. Оның ішінде Ахмет Байтұрсыновтың жазуы мен латын қарпі бар. Қазақ жерінен әкелінген кітаптарды оқу үшін ол тіпті «кириллицаны» да танып алды. Тағдырдың күрделігіне қарамастан ақынның ана тіліне деген сүйіспеншілігі өзгеріссіз қалды. Бельгияда тұрып жатқан қандасымыз, Қазақстанның латын қаріпіне көшуін толықтай қолдайды.

 

ЫРЫСАЛДЫ ТОКЕЕВА, АҚЫН, ҚР ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ:

 - Жаңа қаріпке көшсе, соңғы ұрпақтар дүниеге жаңа қаріппенен өзің таныта білсе, дүниеде тарадай шашылып жұрген басқа қазақтың үрпақтары көріп біздің еліміз мұнандай екенау деп, біреуінің болса да оқып білгеніне пайдалы болады деп ойлаймын.

 

Жырақта жүрсе де ақын қазақ елінің дамып, өркендеуін үнемі назарда ұстайды. Сондықтан мемлекет басшысының латын әліпбиіне көшу жөніндегі тапсырмасы нәтижелі жүзеге асса дейді.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер