Бейжіңде «Астанаға қош келдіңіз» роуд-шоуы өтті. Бұған дейін мұндай таныстырылым Иран, Әзербайжан, Грузия, Украина және Беларусь елдерінде де өткен. Келгендерге қазы мен қымыз ұсынылды. Жиырмадан астам жергілікті туристік операторға елорданың көрікті жерлері, негізгі туристік пакеттер таныстырылды. Саяхаттаушыға рәсімделетін визаның мүмкіндіктері айтылды.  

 

МЕЙРАМГҮЛ БАЛҒОЖИНА, ТУРИСТІК КОМПАНИЯНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

 - Міне Пекин қаласынан кейін Сучжоуға барамыз. Бұдан кейін Ресейде де өткіземіз. Бұл роуд-шоу Қазақстан мен Қытай, басқа да мемлекеттермен арадағы байланысқа жаңа және екінді серпін береді деп сенеміз.

 

Мұндай шаралардың өзара туристік қарым-қатынасқа тың серпін бергенін қытайлық компаниялар да мойындайды. Мәселен, Бейжіңдегі мына туристік агенттік тек тамыз айында 60 жуық саяхаттаушы жіберген. Болашақта екі ел арасындағы туристік байланыстың нығайып, табыстың еселе түсуінен үмітті.

 

ЯНЬ ХАЙЛЯН, ТУРИСТІК КОМПАНИЯНЫҢ БАС МЕНЕДЖЕРІ:

 - Біздің компанияның Бейжіңде 47, ал Қытай бойынша 35 бөлімшесі бар. Былтырдан бері қазақстандық әріптестермен келісім шартқа отырып, жұмыс істей бастадық. Тек тамыз айының басындағы алғашқы топта 57 турист болды. Жарнамада негізінен Астана ЕХРО көрмесіне басымдық бердік. Биыл туристерге виза беру жеңілдетілді. Бұл бізге көп көмектесті.

 

ЧЖАО ХАЙМИН, БЕЙЖІҢ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

 - Мен достарымның кеңесімен Астананы аралап қайтуды жөн көрдім. Бір жақсысы биыл Қытайдың Қазақстандағы туризм жылына байланысты туристерге біраз жеңілдіктер қарастырылған екен.

 

Қытай сыртқа шығатын туристер саны бойынша әлемде алдыңғы қатарда. Өткен жылы бұл елден 135 миллион саяхаттаушы шет мемлекетті аралап, 261 миллиард доллар қалдырып кеткен. Туризмнен түсетін толағай табыстан Қазақстан да үмітті.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер