14 және 15 қыркүйек күндері Сирия мәселесіне арналған Астана процесінің кезекті раунды өтеді. Кепіл елдердің мәліметі бойынша, бұл жолғы басқосу барысында бірқатар құжат қаралады деп күтілуде.

Идлиб, Хомс және Гутаның шығысындағы қауіпсіз жерлердің картасы бекітіледі. Сонымен қатар, жоғалғандар, кепілге алынғандар және із-түссіз кеткендер туралы мағлұмат беретін координациялық орталықтың жобасы қаралады. Бұдан бөлек,  ЮНЕСКО тізіміне енгізілген Сириядағы тарихи орындарды минадан тазарту туралы ортақ шешім қабылданады деген жоспар бар. Келіссөздерден бір күн бұрын, яғни 13 қыркүйекте кепіл елдер бірлескен жұмыс тобының отырысын өткізбек. Бұл мәліметтерді еліміздің сыртқы істер министрлігі таратты.

Күрд халқымен ынтымақтастық қоғамының президенті Юрий Набиевтің айтуынша, Астананың бейбітшілік миссиясы Сириядағы кикілжіңді реттеуге үлкен үлес қосып отыр.

 

ЮРИЙ НАБИЕВ, КҮРД ХАЛҚЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҚОҒАМЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің көреген саясаткер екенін дәлелдеді. Халықаралық аренада жетістіктері көп. Сирия келіссөздерін өткізіп жатқан ел басшылығына құрметім шексіз. Менің ойымша, Астана процесі Таяу Шығыстағы басты проблеманы шешу жолындағы кезекті қадамдарды айқындап берді. Тараптардың талаптары мен қарама-қайшылықтары анықталды. Кикілжіңнің өзге де қатысушылары осы процеске қосылады деп үміттенемін.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер