ЕХРО халықаралық мамандандырылған көрмесі Астананың шет мемлекеттерге танымалдығын арттыра түсті. Көрме басталғалы 2 мыңға жуық украиналық елордаға келіп-кеткен.

 

ВАЛЕНТИН ВОЙТКОВ, ТУРИСТ:

 - Қазақстан ерекше әсер қалдырды. EXPO-ны көрдік. Қызықты. Елдің дайындығы көрініп-ақ тұр. Еріктілердің, ұйымдастыру комитетінің жұмысы мақтауға тұрарлық. Бәрі қонақжай. Жол нұсқап, қажетті ақпаратты береді. Астана өте әдемі екен. Таң қалдым. Аз уақыттың ішінде әсем қала бой көтерген. Сәулеті мен дәулеті келісті шаһар екен. Тұрғындары да қонақжай. Маған ұнады.

 

Киевте роуд-шоу өткізген мамандар елімізге келетін украиналық туристердің саны одан әрі өсетініне сенімді. Шараны Астана әкімдігі мен Қазақстан елшілігі ұйымдастырған.

 

ТОҚТАР ИГЕМБАЕВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ УКРАИНАДАҒЫ ЕЛШІСІНІҢ КЕҢЕСШІСІ:

 - Астананың туристік әлеуеті күн санап артып келеді. Әсіресе, Кәрі Құрлық елдерімен салыстырғанда арзан. Бірақ, қызмет көрсету жағынан еш қалыспаймыз. Сондықтан, көпшілік қазір Қазақстанды таңдап жатыр.

Роуд-шоу ұйымдастырушылары жергілікті тұрғындарға Қазақстанның ерекшеліктерін таныстырды. Әсіресе, жаңадан ашылған туристік бағыттар жайында айтты.

 

ЖАЛҒАС БАЛҒОЖИН, ҚР МСМ МАРКЕТИНГТІ ДАМЫТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 - Сонымен қатар, қос халықтың тарихында да ортақ тұстар көп. Бұны да назардан тыс қалдырмау керек. Мәселен, қазір бізде жүзден астам ұлт өкілі тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Оның ішінде укранин халқының да мәдениетін дамытып, салтын сақтауға бар жағдай жасалған.

 

Киев пен Астана тарапы болашақта туристік саладағы ынтымақтастықты одан әрі арттыруға уағдаласты. Осы мақсатта әуе тасымалының аясын кеңейту жөнінде ұсыныстар жасалды. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер