«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қостанай облысында бой көтерген Кейкі батырдың кесенесі «Сакралды Қазақстан» жобасына ұсынылмақ. Құрылыс кезінде цемент езуге жай су жарамай, іркіттің сарысуы қажет болды. Жақын маңайда сүт зауыты жоқ, күніне 200 литр сарысуды жергілікті тұрғындар өздері жеткізіп тұрды. Елдің көмегінің арқасында кесене сапалы әрі жылдам салынды.

 

АБАЙ МҰҚАНОВ, МЕРДІГЕР:

 - Бүгінге жұмыстар жақсы жүріп жатыр. Кесенені біттік деуге болады. Бүгінгі күні қалған жұмыс маңайында асфальт төсеп, төсемтас салу, абаттандыру енді қалғаны.

Кесенеге Арқалық-Торғай тасжолының бойы, мергеннің атамекені Тасты ауылының тұсы таңдалған. Биіктігі 15 метр ғажайып ғимарат, жиырма шақырымнан «мен мұндалайды».

 

НҰРЖАН ӨТЕГЕНОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ АМАНГЕЛДІ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

 - Әулиекөл-Жалдама тас жолының 64 шақырымына орта жөндеу жүргізіліп жатыр. Оған облыстық деңгейден 1 млрд теңге бөлінді. Қыркүйек айының 10-на дейін ол бітеді. Екінші бір айта кететін жәйт, Арқалық-Торғай тас жолының күрделі жөндеу жұмыстарының 7,8 шақырымына тағы да 1 млрд теңге бөлінді биыл.

Тойға әзірлік негізгі рухани-мәдени шаралар өтетін Арқалық қаласында да қызу жүріп жатыр.

 

ЕРЛАН ҚАЛМАҚОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 - Республикалық деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференция, республикалық ақындар айтысы, ат жарысы, қазақ күресінен турнир, соның бәрі қарастырылған.

 

Араға ғасырға жуық уақыт салып, былтыр елге оралған батырдың бассүйегін жерлеу рәсімі 15-ші қыркүйекке белгіленіп отыр. Ал, Кейкі Көкембайұлының кесенесі киелі орындар тізіміне кіріп, халықтың тағзым етер нысанына айналмақ. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер