Әлемнің үздік қаржыгерлері мен заңгерлері елордада бас қосты. Олар «Астана» халықаралық қаржы орталығы жанынан құрылған Құқықтық-консультативтік кеңестің кезекті отырысына жиналды. Орталық басшысы Қайрат Келімбетов Кеңес құрамына мүше британдық заңгерлік фирмалардың өкілдерін қабылдады. Жабық отырыста маңызды акт жобалары қаралып, мақұлданды. Оның бірқатары Англия мен Уэльс елдерінің құқықтық қағидаттарына негізделген. Айта кетейік, келер жылы EXPO қалашығы негізінде құрылатын «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен арбитраждық соттың ресми тілі ағылшын тілі болмақ. Осылайша, Орталық Азия аумағында алғаш рет ағылшын құқықтық нормалары енгізіледі.

ФРЭНСИС ФИТЗГЕРБЕРТ-БРОКХОУЛЗ, АХҚО ҚҰҚЫҚТЫҚ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:

- Бұл іске атсалысып жатқанымызға қуаныштымыз. «Астана» халықаралық қаржы орталығы – болашақта сәтті жүзеге асатын ауқымды жоба. Астанадағы орталық Дубай мен Катардың институционалдық үлгісіне негізделмек. Ал, қаржы орталығының сот жүйесі бірнеше кезеңнен тұрады. Бірақ, қылмыстық істерді қарамайды. Келер жылы жұмысын бастайтын арбитражды орталық тек азаматтық, әкімшілік және коммерциялық дауларды шешеді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер