"Қымбатты отандастар! Баршаңызды халқымыз үшін маңызы зор мереке – Конституция күнімен құттықтаймын!

Осыдан 22 жыл бұрын жалпыхалықтық референдумда қабылданған Ата заңымыз Қазақстан Республикасының зайырлы, құқықтық және біртұтас мемлекет ретіндегі базалық негізін қалады.

Конституция тәуелсіздігіміздің берік тірегіне, табысты дамуымыздың және Қазақстанның халықаралық деңгейдегі биік беделінің кепіліне айналды.

Ол еліміздің басты құндылықтары ретінде қоғамдық-саяси бірлікті, келісім мен тұрақтылықты қалыптастырды", - деді Елбасы. 

Оның пайымдауынша, саяси жүйенің тиімділігін арттыру және мемлекеттігіміздің мызғымастығын қамтамасыз ету бағытында елімізде жүргізілген конституциялық реформа жаңа жаһандық өзгерістерге жауап береді.

"Конституция Қазақстанның әлемнің озық 30 елінің қатарына қосылуы жолында жаңғыру үдерісін одан әрі іске асырудың, демократиялық бастамаларымызды нығайтудың, азаматтардың әл-ауқатын көтерудің және қоғамды біріктірудің маңызды факторы болып саналады", - деп атап өтті Мемлекет басшысы. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер