Қазақстанда құрылатын аз байытылған уран банкі экологияға еш қауіп төндірмейді, дейді «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының мамандары. Уран радиобелсенді материалдар құйылып кетпейтін контейнерлерде сақталады. Бұл қораптар табиғи және техногенді апаттарға төзімді. Ал банктегі қауіпсіздікті Ұлттық ұлан құрамы қамтамасыз етеді. Шығыс Қазақстан облысының аумағында құрылатын банктің ресми ашылу салтанаты 29-шы тамызда өтеді. Шара Үлбі металлургиялық зауытында ұйымдастырылады. Мұнда көлемі 90 метрлік тоннаны құрайтын аз байытылған уран сақталады. Банк ядролық отынды  Магатэ ұйымына мүше елдердегі атом стансаларына жеткізеді.

НИКОЛАЙ БЕЛОВОЛОВ «ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰАК» АҚ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ МЕНЕДЖЕРІ:

- Уран арнайы контейнерлерде сақталады. Оларды атом энергиясы бойынша халықаралық агенттік сертификаттады. Сарапшылардың пікірінше, бұл радиациялық қауіп төндірмейді. Қоршаған орта ластанбайды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер