Қазақстан мен Боливия ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті. Бұл мәселе Астанада еліміздің Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың боливиялық әріптесі Фернандо УанакУни МамАнимен кездесуінде талқыланды. Тараптар экономикалық байланыстарды тереңдету маңыздылығын атап, осы бағыттағы іс-қимылды күшейтуге уағдаласты. Сондай-ақ, кездесуде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің күн тәртібінде тұрған өзекті тақырыптар талқыланды. Айту керек, Боливия мемлекеті де осы Кеңестің тұрақты емес мүшесі. Фернандо УанакУни МамАни Боливияның ядролық қаруға жаппай тыйым салу бойынша Қазақстан бастамасын қолдайтынын жеткізді.  

ҚАЙРАТ ӘБДІРАХМАНОВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ:

- Қос мемлекет Қазақстанның Африкадағы тұрақтылық пен бейбітшілікті орнату бастамасын жүзеге асырып келеді. Бұл – БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі. Боливияның Сыртқы істер министрін Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев қабылдады. Кезедсу барысында мәртебелі мейман қараша айында осы елде өтетін экспорттаушы елдердің және олардың үкіметтері басшыларының 4-інші саммитіне шақыру қағазын табыстады.

ФЕРНАНДО УАНАКУНИ МАМАНИ, БОЛИВИЯ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ:

- Боливия мен Қазақстанды жақындастыратын өзекті мәселелер көп. Біз Қазақстанның дипломатиялық мектеп пен жаңа технология секілді тәжірибелерімен зерттеуге ниеттіміз. Өйткені, Боливия жаһандық ынтымақтастық үшін ашық.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер