Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Хабар» агенттігінің тілшілеріне сұхбат берді. Президент рухани жаңғыру үдерісіне қатысты сұрақтарға жауап беріп, конституциялық реформадан күтілетін нәтижелер жөнінде айтты. Сондай-ақ, Елбасы латын әліпбиіне көшу сияқты өзекті мәселеге қатысты ойын айтты.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Латын қарпіне көшу орыс тілінен, кириллицадан бас тарту деген сөз емес. Бұл тек қазақ тіліне ғана байланысты мәселе. Орыс тілінде жарық көретін барлық басылымдар, орыс тілінде сөйлейтін Қазақстан азаматтары үшін өзгеріс болмайды. Кириллица қалады.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы ЕХРО-2017 көрмесін өткізудің маңыздылығына тоқталды.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- ЕХРО-2017көрмесінің алар орны ерекше. Осындай ауқымды шараны Қазақстан аумағында өткізу құқығына ие болу оңай болған жоқ. Біз көрме өтетін үш айда елімізге 2 млн адам келеді деп болжаған едік. Бірақ 2 айда 2,5 млн-нан асып кетті. Ал ЕХРО көрмесіне келушілер саны 20 млн-ға жетті. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер