Ұлт Жоспарында көрсетілген ұлттық біртектілік пен бірлік ұғымдары отанға деген сүйіспеншіліктен басталады. Бұл екеуі Қазақстан халқының бірлігін нығайтып, біртұтас азаматтық қауымдастық қалыптастыруға жағдай жасайды. Ұлыбритания қазақтары диаспорасының белсенді мүшесі Исмаил Кесижи осылай дейді. Өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында Кесижидің отбасы өзге де қазақтармен бірге Түркиядан Ұлыбританияға еңбек мигранты ретінде көшіп келген. Одан бері мұнда қандастарымыздың екі-үш буыны өсіп-өнді. Бүгінде 60-қа жуық отбасы түтінін түтетіп отыр. Кесижидің айтуынша, шетте жүрген қазақтарды біртектілік пен бірлік ұғымдары біріктіріп, қазақстандықпын деп мақтанышпен айтуға мол мүмкіндік береді.   

ИСМАИЛ КЕСИЖИ, ҰЛЫБРИТАНИЯ ҚАЗАҚТАРЫ ДИАСПОРАСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

- Тумаса да, көрмесе де, кімсің десе, қазақстандықпын дейміз. Бұл сөз қайдан шықты? Қазақстан егемен болғаннан шықты. Ұлтым қайда десе айтатын жерім бар, жалауым қайда десе міне жалауым бар.   

Ұлыбританияда «Болашақ» бағдарламасымен білім алып жатқан Бексұлтан Әбдіжәліл де ұлттық біртектілік туған жерді қастерлеуден басталады деп есептейді.

БЕКСҰЛТАН ӘБДІЖӘЛІЛ, «БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ СТИПЕНДИАТЫ:

- Ұлттық идентификация мәселесі өте маңызды. Біз оны ерекше сезініп жүрміз шетелде жүргендіктен. Сондықтан біз келешекте өскелең ұрпаққа үлгі болуымыз керекпіз.

Ұлыбритания қазақтары «100 нақты қадам» жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап қана емес, жаңа тарихи жағдайларда дамыған мемлекеттердің отыздығына ұмтылу жоспары екендігін жақсы түсінеді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер