Елордада рухани жаңғырудың нақты қадамдарын бағамдаған Ұлттық комиссияның отырысы өтті. Қазақстандықтар қоғамдық ой-саналырын өзгертіп, жаңа жаһандық жағдайға бейімделуі тиіс. Рухани жаңғыру бағдарламасының негізгі идеясы осы.

ӘДІЛБЕК ЖАҚСЫБЕКОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ӘКІМШІЛІГІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Соңғы төрт айда Елбасы ұсынған бағдарламаны жүзеге асыруда нақты қадамдар жасалды. Орталық және мемлекеттік органдар жұмысқа белсенді қатысып отыр. Сонымен бүгінде жаңа алфавиттің жобасы жасалды. Киелі жерлердің географиясы бойынша 600 нысан белгіленді. Олардың 22-сінде ғылыми-реставрациялық жұмыстар басталды. Туған жер бағдарламасы бойынша кең көлемді жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Отырыста осы күндері нақты атқарылып жатқан шаралар пысықталды. Мәселен, Ақтөбе өңірінде жастарға туған жерінің тарихын жіті таныстыру үшін жоғарғы оқу орындарында «Өлкетану» мамандығы ашылған. Киелі мекендердегі тарихи ескерткіштер де қалпына келтіріліп жатыр. Шығыс Қазақстан облысында да бағдарлама қарқынды жүзеге асып жатыр. Өңірдегі білім беру нысандарында қазақ тілін оқыту, латын әліпбиіне көшуге дайындық жұмыстары атқарылуда.

ДАНИАЛ АХМЕТОВ, ШҚО ӘКІМІ:

- Латын әліпбиіне жылдам көшу үшін біздің өңірде тисіті бағдарлама әзірленген. Ол үш тұғырлы тіл саясаты негізінде жұмыс істейді. Мәселен орыс тілді мектептерде қазақ тілі және ағылшын кеңінен оқытылса. Қазақ тілді білім ордаларында сйкесінше жұмыс жүреді. Бүгінде әлем елдерінің 40 пайызы латын әліпбиін қолданады. Ал бұл тізімнен Қытай мен Үндістанды алып тастаса, тіпті дүниежүзінің 70 пайызы латынша жазады. Сондықтан бұл үрдістен қорықпаймыз. Осы бағытта жұмыс жасаудамыз.

Латын әліпбиін қолдау бағытында белсенді қоғамдық топтар мен ұйымдар да еңбек етуде.

МҰХТАР МАНКЕЕВ, «ҚАЗАҚСТАН-2050» ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ:

- Латын әліппесіне көшуді қолдау саласында үлкен бір көрмені бастадық. Қазақ кітаптары деген. 1992-1940 жылдары шығарылған кітаптар. Оны үлкен зерттеу жасап 1500 кітапты таптық. Қазіргі таңда олар екі көрмеде көрсетілген. Жылдың соңына дейін ол ашық түрде бәріне көрсетілім көрме түрінде болады.

АНАТОЛИЙ БАШМАКОВ, Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕҰУ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

- Бүгін комиссияның үшінші отырысы өтті. Нақты атқарылып жатқан істермен таныстық. Бағдарлама әр өңірдің өзіндік ерекшеліктері бойынша жүзеге асып жатыр. Бір аймақта мәдени сала дамыса, екінші жақта тарихи құндылықтарға зор мән берілуде. Жастарды заманға сай оқытып, жаңа технологиялармен таныстыру, кәсіпкерлерді өз жеріне, туған ауыл-аймағына көмектестіріп, өңірлерді дамыту бағдарламасы да сәтті жүзеге асуда. Бұл тек үлкен істің басы ғана. Әлі көп жұмыс атқарылады.

Енді Ұлттық комиссия  өз қызметін әрі қарай жалғастырып, өңірлерде «Рухани жаңғыру» бағдарламсын насихаттау жұмысын қарқынды атқармақ.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер