Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Хабар» Агенттігінің тілшілеріне берген сұхбаты барысында БАҚ беттерінде қызу талқыланып жатқан латын әліпбиіне көшу мәселесіне ерекше тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Әрбір мемлекетте алдымен экономикасы, дұрыс саясаты болуы керек. Сонан соң рухани өмірі, рухани санасы жоғары болмаса, елін алға қарай жылжыту деген мәселені орындау мүмкін емес. Сондықтан алғашқы мәселе – қазақтың жаңа әліпбиі. Көне түріктің алфавиті болды, араб әліпбиі келді, төте жазу болды. 1940 жылға дейін латын әліпбиі болса, содан кейін кириллицаға көштік. Кириллицада грамматикамызда керек емес әріптер бар. Егер ол әріптер қазақ сөздерінде пайдаланылса, тіліміздің негізгі нұсқасын бұзып жібереді. Екіншіден, латын әрпіне көшкенде, біз орыс тілінен қашып кетейін деп жатқан жоқпыз. Алыпқашпа сөзбен осыны кейбір саясаткерлер айтады. Әсіресе орыс тілінде. Әліпби – қазақтың тіліне байланысты мәселе. Ресей секілді ұлы елдің тілін білу қазаққа керек. Ғылым мен техниканың көзі орыс тіліне көп аударылған. Барлығынан ажырап қалсақ, біз байымаймыз, кедейленеміз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер