Қазақстанның бейбіт бастамалары әрқашан БҰҰ тарапынан жоғары бағаға ие болып келеді. Бұл туралы халықаралық ұйымның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимомура мәлім етті. Ол Астанада ЕХРО-2017 көрмесі аясында өткен «Жастар бейбітшілік пен даму үшін» форумына қатысты. Басқосуда қай елдің болмасын әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан тұрақты болуы ақыл-білімі терең, ой-өрісі кең, саналы тәрбие көрген жігерлі жастардың қолында екені айтылды.

НОРИМАСА ШИМОМУРА БҰҰ-НЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ:

- Біз жастардың бейбітшілік пен орнықты дамуға қосып отырған үлесін жоғары бағалаймыз. Қазақстан тәуелсіздіктің 25 жылында елеулі жетістіктерге жетті. Биыл республиканың БҰҰ-на мүше атанғанына 25 жыл толып отыр. Осы уақыт бойы сіздің ел бейбіт ұстанымдарын тұрақты негізде дәлелдеп келеді.

АБЗАЛ НҮКЕНОВ, ҚР ДІН ІСТЕРІ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Бейбітшілік пен дамуды көздеп отырған бұл үлкен форум. Бұл дегенің жастарымыздың дәстүрлі құндылықтарды сақтауы бойынша, жастарымыздың бітімгершілік пен  бейбітшілік құндылықтарына берік болуына маңызды деп ойлаймын.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер