Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің ішкі және сыртқы сауда айналымы артып, экспорт көлемі 10 пайызға ұлғайған. Бұл туралы Астанада өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында айтылды. Мәселен, сыртқа жөнелтілетін көлік пен құрал-жабдықтар 3 пайызға, ал азық-түлік пен ауыл шаруашылығы өнімдері 26 пайызға көбейген. Сондай-ақ, отырыста цифрлық экономикаға көшу мәселесі де сөз болды. Келер жылы осы бағыттағы бастамалар пилоттық жоба ретінде жүзеге асырылады.

ДМИТРИЙ МЕДВЕДЕВ РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ ҮКІМЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Біз өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы мен энергетика салаларында одаққа мүше елдер арасындағы кедергілерді жою үшін әзірленген жол картасын әзірлеуіміз керек. Цифрлық экономиканы дамыту қажет. Қазір электронды технологиялар барлық бағыттарда қарқынды қолданылып келеді. Бүгінде Ресейде арнайы бағдарлама әзірленіп жатыр. Ол бүкіл одақ аумағында жұмыс істеуі үшін, барлық мүше еледер осы мәселені қолға алуы тиіс.

Алқалы жиында  барлығы 12 өзекті мәселе талқыға салынып, бірқатар нақты шешімдер қабылданды. Мәселен, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер арасында электр энергиясы саудасының ортақ жүйесін құру туралы айтылды. Ол 2019 жылы іске қосылады деп жоспарланып отыр. Бағдарлама аясында қуат көзінің өзара экспорты 2 пайызға артуы тиіс. Сонымен қатар, үкімет басшылары одақтың кедендік кодексін бекіту процесінің орындалуы жайлы есеп берді. Жоспар бойынша құжат келер жылы күшіне енуі тиіс.

ТИГРАН САРКИСЯН ЕЭК АЛҚА ТӨРАҒАСЫ:

- Біз Қазақстан мен Ресейдің платформаларын қолданып, электр энергия саласында пилоттық жобаларды жүзеге асыру жайында келістік. Қуат көзін сауда алаңына шығарамыз. Үкіметаралық кеңестің келесі отырысы қазан айының соңында Ереван қаласында өтеді.

Отырыстан кейін, Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің үкімет басшылары ЕХРО көрмесін аралады. Мәртебелі меймандар үш елдің ұлттық павильондарында болды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер