Шығыс Қазақстанда демалып жатқан оқушылар өлкенің тарихи орындарын аралады. Танымдық жобаны «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық Білім басқармасының мамандары қолға алған.

Туристік сапардың мақсаты – балаларға туған өлкенің табиғатын таныстырып,  отансүйгішттіке баулу. Жасөспірімдер тарихи орындардың сырына қанықты.

НҰРГЕЛДІ ӘБЖАППАРОВ, ШҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Атап айтқанда Берел қорғандарыны, Шілікті алқабының патшалық қорғанына. Ақбауыр Абылай-Кит қорғанына және өңіріміздегі ең ірі өндірістік кәсіпорнына барып қайтады.

Саяхат кезінде  оқушылар  аспалы арқанды жолдың қызығын  да көрді.  Биік таудың басына шыққан соң шатыр тігіп, 2-3 сағат аялдады. Картографиялық материалдар арқылы осы аймақта қандай өсімдіктер өсетінін анықтады.

АЯУЖАН ҚАДЕСОВА:

- Мен осындай өлкеде дүниеге келгеніме мақтанамын. Себебі біздің өлке көптеген табиғи ресурстарға бай, өте әдемі және әсем.

МАДИЯР ИМАНҚҰЛОВ, ТӘРБИЕШІ:

- Республикамыздың түпкір-түпкірінен келген балалар бар. Олар біздің қонақ болғандықтан, осындай керемет табиғатымызды көрсеттік. Оларға да, бізге де өте қызықты болды.

Болашақта «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы рухни жаңғыру бағдарламасы  бойынша оқушылардың туған жер тарихымен қанығуы үшін әлі бірнеше сапар ұйымдастырмақ.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер