Владивостокта «Океан» ББО-нда «Росатом Мектебі» Халықаралық балалар лагерінің ауысымы аяқталып, осындағы әлемнің 8 елінен келген 126 баланың ішінде 12 бала Қазақстанның тумасы.

Лагерь бағдарламасы қызықты әрі мазмұнды болды. Ауысым қатысушыларына арналған көптеген шеберлік сабақтар өткізіліп, мұнда әркім мектеп қабырғасында оқытылмайтын дүниелерді танып білді. Жан-жақтан жиналған балалар бір-бірімен тіл табысуы үшін бірінші күннен бастап және демалыс барысында Қазақстан және Беларусьтың ұлттық ойындарын белсенді зерттеу, Түркия мен Въетнамның би ырғақтарының тілін меңгеру, Индонезия мен Бангладеш ұлттық киімдерінің нышандарын ұғыну, Арменияның баурап әкететін әуезді әндерін тыңдау мен Ресейдің ұлттық тағамдарының ерекше дәмін тату арқылы қалыптасқан әмбебап метатілдің көмегі зор болды. Әртүрлі пішінде өткен іс-шаралар балаларға өз ұлттық мәдениетін өзге елдердің мәдениеті арқылы түсінуге мүмкіндік берді.

Балалардың пікірінше, ресейлік халықаралық лагерь басқалардан қатты ерекшеленеді. Мұнда әртүрлі тілдерде сөйлесу, шығармашылық және зияткерлік өнімдерді жасау, мәдени мәнмәтіндермен жұмыс істеу, жайлы және көңілді орта, айналысатын ісіңді таңдау мүмкіндігі бар. 

Лагерь әр балаға өзін кәсіби дипломат ретінде сезінуге жағдай туғызды. Балалар әртүрлі дипломатиялық тактикаларды сынап көріп, мемлекеттерді құрып, одақтастарын тауып, шыдамдылық пен тапқырлықты таныта білді. Өзіндік таңдау жасау барысында балалар халықаралық ынтымақтастықты құрудың қиыншылықтарын сезіп қана қоймай, осындай диалогтың орын алу мүмкіндігін ұғынды. Владивостоктағы Бангладеш Халық Республикасының Құрметті консулы Александр Зубко Халықаралық ауысымның қатысушыларымен кездесті. Ол өз сөзінде «Росатом Мектебі» жобасы арқасында жарқын болашаққа кішкентай қадам жасалғанын атап өтті.

«Мен үшін «Океан» ББО – бұл достық, бейбітшілік және өзін-өзі тану мекені. Мұнда әртүрлі концерттерде өнер көрсетуге, бірнәрселерді ұтып алуға, ең бастысы, бұның бәрінен қуанышты сезінуге болады. Маған «Океан» ББО өте ұнады, осында тағы да келгім келеді», - деді Айым Тастамбекова.

Ауысым аяқталғанымен, оның қатысушылары бастарынан өткен қызықты оқиғалар, оқыс жаңалықтар мен жаңа армандарын ұмыта алмайтыны анық.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер